Бүгін: 17.12.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

      2024  жылдың  20  желтоқсан  күні  жылдық  жоспарына  сай  балабақшаішілік «Ұлттық  құндылықтар»  тақырыбында   семинар-практикум  өтті. Мақсаты:  Қазағымыздың   ұлттық   құндылықтарын   дәріптеу, ойын   арқылы   балаларға   жеткізу. Технологияларды    жан-жақты   ашу. Балалардың  рухани-адамгершілік  қабілетін  сақтау, заттық-дамытушы кеңістіктік ортаны ұйымдастыру бойынша   жұмыс   тәжірибесімен   әріптестермен   бөлісу. Балаларға    құнды   дүние   насихаттау.

      2024  жылдың   02  желтоқсан  күні  «Бөбек»  бөбекжай-бақшасының  педагогтері  «Әйелдерге  қатысты  зорлық-зомбылыққа  қарсы  16  күн»  атты  ақпараттық-сауықтыру  акциясына  орай  әйелдерге  қатысты  зорлық –зомбылық  қазіргі  таңдағы  ең  жойқын  адам  құқығы,  зорлық – зомбылық  әйелдердің  қоғамдық  өмірге  араласуына  кедергі  келтіретіні  туралы  айтылып, түсіндірме  жұмыстары  жүргізіліп,  әйелдер  мен  қыздардың  мүдделерін   қорғау   бойынша     іс-шара   ұйымдастырылып   өткізілді.

 

"Бөбек" бөбекжай-бақшасында  2024  жылдың  29  қараша  күні жоспарға  сай  №2 Педагогикалық  кеңес  өтті. Тақырыбы: «Физикалық  қасиеттерді  дамыту  бойынша инновациялық  технологияларды, жаңаша  әдістерді  енгізу  арқылы  балалардың  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру». Бөбекжай  әдіскері  Г.Абдрасилова   үлгілік  бағдарламаның  мазмұнын  меңгеру  бойынша  бастапқы  мониторингтің  қорытындысы  айтып.  «Мектепке  дейінгі  балалардың  физикалық  тәрбиесінде денсаулық  сақтау  технологиясын  қолдану»  тақырыбында  баяндама  оқып. Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  туралы   айтты. Бөбекжай  медбикесі  У.Кабаева  «Балабақшада  бала  денсаулығын  нығайтудың  маңызы»  тақырыбында  тәрбиешілерге  кеңес  берді. Сонымен  қатар,  тәрбиешілер   «Қимылды  ойындар  атрибуттары, қартотекалар»  көрме  және  көрнекі  құралдар-жабдықтар  жинақтарын  ұсынып, қимылды  ойындарды  бірге  ойнап  көрсетті.    

2024  жылдың   02  желтоқсан  күні  «Бөбек»  бөбекжай-бақшасының  педагогтері  «Әйелдерге  қатысты  зорлық-зомбылыққа  қарсы  16  күн»  атты  ақпараттық-сауықтыру  акциясына  орай  әйелдерге  қатысты  зорлық –зомбылық  қазіргі  таңдағы  ең  жойқын  адам  құқығы,  зорлық – зомбылық  әйелдердің  қоғамдық  өмірге  араласуына  кедергі  келтіретіні  туралы  айтылып, түсіндірме  жұмыстары  жүргізіліп,  әйелдер  мен  қыздардың  мүдделерін   қорғау   бойынша     іс-шара   ұйымдастырылып   өткізілді.

2024  жылдың  28  қараша  күні  "Бөбек" бөбекжай-бақшасының  қызметкерлерімен   Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру стандарты жобасы туралы өзгерістер мен толықтырулар бойынша таныстыру жұмысы жүргізілді.

  

«Бөбек»  бөбекжай-бақшасында     2024  жылдың   04  қараша  күні  бөбекжай  қызметкерлері  арасында   «Спорт-жан   серігі»  тақырыбында   спорттық  сайыс    ойыны ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Салауаттану - адам  жанының  да, тәнінің  де  тазаруы,  денсаулығының   нығаюы,  салауатты  өмір  салтын   ұстану. Спортқа,   эстафеталық   ойынға   деген  қызығушылықтарын   арттыру.  Күш, жылдамдық,  ептілік  қасиеттерін  дамыту, жаман   әдеттен   сақтандыру.  Ойын   барысында    қызметкерлер  екі  топқа  бөлініп, спорттық   жаттығуларды, ойындарды   ойнады.

«Бөбек»  бөбекжай-бақшасында  2024  жылдың  29  тамыз  күні  №1  Педагогикалық  кеңес  откізілді. Тақырыбы: «Жаңа   2024-2025  оқу  жылына  дайындық   жұмыстары».

 

 

                     

                                                            

 

 

   2024  жылдың  20  тамыз  күні  Меркі  ауданының  білім  бөлімінің  2024  жылғы  13  тамыздағы  №1006  хатына  сәйкес  «Педагогикалық  әдептің  кейбір  мәселелері  туралы»  Қазақстан  республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2020  жылғы  11  мамырдағы  №190  бұйрығы  бойынша  «Бөбек»  бөбекжай-бақшасының   педагогтарымен  түсіндіру  жұмысы  жүргізілді.

 

 

«Бөбек»  бөбекжай-бақшасында  2024  жылдың  28  мамыр  күні  бөбекжай  педагогтерімен  жоспарға  сай  №4 Педагогикалық  кеңес  өтті. Тақырыбы: «2023-2024 оқу жылындағы  оқу-тәрбие  жұмысының  жағдайын  анықтау, келесі  оқу  жылының   мақсат-міндетін   айқындау». Оқу – тәрбие  бойынша жүргізілген жұмыстардың  және Үлгілік  оқу бағдарламасы  мазмұнын  игеру  бойынша  даму   мониторингінің   қорытындысы  туралы  бөбекжай  әдіскері  айтып  өтті.  2024-2025  оқу  жылында  аттестаттаудан  өтетін   педагогтардың   тізімін   және    жазғы  сауықтыру   жұмысының   жоспарымен   таныстырып,   меңгеруші  тізіммен  жазғы  сауықтыру  жоспарды  бекітті. Сонымен  қатар, бөбекжай  психолгі  және  медбике   жұмысының   есебі  берді.

 

 

 

 

 


"Бөбек" бөбекжай-бақшасында 2024 жылдың 28 наурыз күні Казакстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі  нұсқаулықты бекіту туралы  2022  жылғы З0 наурыздағы №117 бұйрығы негізінде бөбекжай педагогтерімен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.