- 530

«Бөбек» бөбекжай-бақшасында күз мерекесіне арналған «Алтын күз келді бақшама!» атты тақырыбында ертеңгіліктер ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Балаларды мерекелі, берекелі күзбен таныстыруды жалғастыру. Алтын күзге жалпы түсінік беру, күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру, мерекелік көңіл-күй орнату. Зал мерекеге сай безендірілген, әдемі ән ойналды. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ата-аналар балаларымен бірге бірлесіп күз мерекесіне арнап көрме дайындады.
- 539
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 24 қазан күні тәрбиеші Алимолдаева Асем Турсыновна «Құлыншақтар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілерімен 25 қазан Республика күніне орай «Отаным менің - Қазақстан» тақырыбында мерекелік ертеңгілік ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге үйрету. Балалар ертеңгілікті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен бастады, Отан туралы тақпақтар, «Тәуелсіздік ұраны» бірге хор айтып, Асу Аминат «Татулықта күшіміз» әнін орындады және биші қыздарымыз «Қазақ биі» биін биледі.
- 539
2023 жылдың 18 қазан күні аудандық «Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибесі мен болашағы» атты байқауға бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Абдраимова Ақбөпе Ералиевна 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. 20 қазан күні аудандық «Ойыншықтардың таңғажайып әлемі көрмесі» атты жоба байқауына тәрбиеші Бақтыбаева Жанар Асылбайқызы қатысып 3 орынға ие болды.
- 1064
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 1 – қазан Қарттар күніне және Ұстаздар күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өтті. Мақсаты: Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді, қарттарымыз аман болсын. Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін адам бойына дарыту. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білу. Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
- 1037
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 2023 жылдың 7 сәуір күні қызметкерлер арасында «Сау болу – сәнді» тақырыбында спорттық – ойын жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға мақсат қою арқылы жеке бастың денсаулығын сақтау мен нығайту.
Послания Президента
Блог руководителя






