Сегодня: 17.12.2025
Локомотив реформ – это вы, наша прекрасная молодежь! Будущее Казахстана в руках молодых людей, не проспите свой шанс, свою мечту. Мечты сбываются только у тех, кто хорошо учится и много трудится. Касым-Жомарт Токаев

Денсаулық күніне орай 2023 жылдың 6 сәуір күні «Бөбек» бөбекжай-бақшасында «Құлыншақтар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілерімен «Денсаулық зор байлық» спорттық іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Спорт пен денсаулық тығыз байланыста екенін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.

«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 3 сәуір күні кезектен тыс ата-аналар жиналысы өткізілді. Меңгеруші Умбеталиева Индира Тұрдықасымқызы ата-аналарды Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының 14.03.2023 жылғы №ЗТ-2023-00429582 хатымен таныстырды.

«Бөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері әр дүйсенбі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды.

«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың наурыз айында «Құстарға қамқорлық» атты тақырыбында табиғи материалдардан көрме ұйымдастырылды.

2022 жылы 21 қазан күні "Бөбек" бөбекжай — бақшасында "Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын  жаңартудағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың  тәсілдерін өзгерту бойынша түсіндіру жұмысы" тақырыбында ата—аналар жиналысы өткізілді, 21 ата—ана қатысты.