"Бөбек" бөбекжай-бақшасында 2024 жылдың 29 қараша күні жоспарға сай №2 Педагогикалық кеңес өтті. Тақырыбы: «Физикалық қасиеттерді дамыту бойынша инновациялық технологияларды, жаңаша әдістерді енгізу арқылы балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру». Бөбекжай әдіскері Г.Абдрасилова үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша бастапқы мониторингтің қорытындысы айтып. «Мектепке дейінгі балалардың физикалық тәрбиесінде денсаулық сақтау технологиясын қолдану» тақырыбында баяндама оқып. Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы айтты. Бөбекжай медбикесі У.Кабаева «Балабақшада бала денсаулығын нығайтудың маңызы» тақырыбында тәрбиешілерге кеңес берді. Сонымен қатар, тәрбиешілер «Қимылды ойындар атрибуттары, қартотекалар» көрме және көрнекі құралдар-жабдықтар жинақтарын ұсынып, қимылды ойындарды бірге ойнап көрсетті.
https://bilim-bobek-akaral.inte.kz/ru/53-zhanaly-tar/628-2-ped-ke-es-sajt.html#sigProIdb9e5c8da26





