«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2024 жылдың 31 қазан күні жоспарға сай консультациялық пункт жұмысы бойынша «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бөбекжай әдіскері Г.Абдрасилова тіл үйрену мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Бұл жастағы балалар тілді үйренуге бейім, ересектерге еліктейді. Балалармен күнде араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн сайын жетіле береді. Баланың тілі бай болса, ойы да жақсы дамиды. Мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез үзінділер оқып үйрену, үйренгендерін өз сөздерінде қолдана білу балалардың сөздік қорын молайтады. Бала – бақшада тәрбие жұмыстарының басты мақсаттарының бірі – баланың тілін ұстартып, жақсы сөйлей білуге үйрету.
https://bilim-bobek-akaral.inte.kz/ru/konsultatsiyaly-punkt/575-konsultatsiyaly-punkt.html#sigProIdeff24f68fc





