Бүгін: 17.12.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

 

«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2024 жылдың 12 қаңтар күні бөбекжай психологі С.Сабыралиева мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілерімен «Зерде» интеллектуалды ойынын ұйымдастырып, өткізді. Мақсаты: Интеллектуалды ойын арқылы балалардың ой-өрістерін кеңейтіп, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.