«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2024 жылдың 21 ақпан күні тәрбиеші А.Рысбаева «Қошақандар» мектепке дейінгі орта жас тобының тәрбиеленушілерімен Халықаралық Ана тілі күніне орай «Ана тілі – жүрек үні» атты тақырыбында ертеңгілік ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: балалардың өз балабақшасы туралы туралы түсініктерін қалыптастыра отырып тілін дамыту, әңгімелесу, тақпақтар айту арқылы ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.







