«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2024 жылдың ақпан айынын 13-20 аралығында тәрбиешілер ұйымдастырылған білім процесінің ашық көрсетілімдер өткізді. Педагогтардың жаңа технологиялар бойынша білімдерін кеңейту, тәжірибе алмасу. Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Балалардың ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін арттыру, алған білімдерін пысықтау. Балалардың қимыл-қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, эмоционалдық, әлеуметтік, когнитивтік дағдыларын қалыптастыру. Дамытушы ойындар арқылы әр түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды орындай отырып, ақыл ойларын, танымдық қабілеттерін дамыту.


















