"Бөбек" бөбекжай-бақшасында 2024 жылдың 18 наурыз күні мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдарды педагогтармен талқылау және таныстыру жұмысын бөбекжай әдіскері Г.Абдрасилова және медбике У.Кабаева жүргізді. Әдістемелік ұсыным бөлімдері:
- Бөбекжай-бақшаның аумағында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Тамақтануды ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік.
- Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік.
- Шығармашылық әрекетті ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік.
- Ойын әрекетін ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік.
- Еңбек әрекетін ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік.
- Серуенді ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік.
- Музыка жетекшісіне балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Дене шынықтыру нұсқаушысына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Төтенше жағдайлар кезінде тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Педагогтар балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әр бөлімге тоқталып, берілген нұсқаулықпен танысып шықты.






