«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2024 жылдың 19 наурыз күні тәрбиеші Н.Сраилова бөбекжай тәрбиеленушілерінің және ата-аналардың қатысуымен «Армысың, Әз наурыз!» атты тақырыбында мерекелік ертеңгілік ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге үйрету. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра отырып насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Наурыз мерекесінің мән – мағынасын балаларға түсіндіру, ақ тілек, бата, наурыз көже, құт – береке ұғымдарын қалыптастыру, жақсылыққа адамгершілеке тәрбиелеу.
https://bilim-bobek-akaral.inte.kz/kz/balalarmen-zh-mys/404-armysy-z-nauryz.html#sigProId24f2ecf30b





