«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 1 маусым Халықаралық Балаларды қорғау күні «Біз өмірдің гүліміз» атты тақырыбында мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға тәрбиелеу. Бұл іс-шара балалардың қаірсіздігін қамтамасыз етуге және балаларға қуаныш пен бақыт сыйлауға бағытталған. Ертеңгілік барысында қазақ халық ертегінің кейіпкерлері қонаққа Алдар көсе мен бай келіп, балалармен ойын ойнап, балаларға жақсы көңіл сыйлады. Сонымен қатар, ертеңгілік соңында балалар түрлі-түсті борлармен «Бақытты балалық шақ» тақырыбында өз ойлары, қиялдары бойынша асфальтқа сурет салды.
https://bilim-bobek-akaral.inte.kz/kz/balalarmen-zh-mys/478-biz-mirdi-g-limiz.html#sigProId641cd1ef49





