«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2024 жылдың 05 қыркүйек күні тәрбиеші А.Айгенова Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тілім-менің тірегім» атты тақырыбында мерекелік ертеңгілікті «Құлыншақтар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілерімен ұйымдастырып, өткізді. Мақсаты: Балалардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.








