Бүгін: 17.12.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«Бөбек»  бөбекжай-бақшасында  2024  жылдың  31  қазан  күні  бөбекжай  тәрбиешісі  А.Айгенова   «Біртұтас  тәрбие»   бағдарламасы  аясында   «Ұшқыр  ой  алаңы»   жобасын  жүзеге  асыру  бағытында  тәрбиеленушілердің  тілдік  дағдыларды  дамыту  арқылы   құндылықтарды  дәріптеу  бойынша    мектепке  дейінгі  ересек  жас  тобының  тәрбиеленушілерімен   "Зерде"  интеллектуалды   ойынын  ұйымдастырып  өткізді. Мақсаты: Балалардың алған білімдерін тиянақтау, өткен іс - әрекеттердегі  тақырыптарды  еске  түсіру. Барлық  білім беру салаларын қамту арқылы  балалардың  сөздік  қорларын  байыту, ой - өрістерін  кеңейту, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, шапшаңдылыққа, отансүйгіштікке, тілін   құрметтеуге   тәрбиелеу.