«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2024 жылдың 08 қараша күні бөбекжай тәрбиешісі У.Козыбакова «Ботақандар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілерімен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Шабыт» жобасын іске асыру бағытында тәрбиеленушілердің шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Балабақша театры» атты театр қойылымдарын ұйымдастырып өткізді. Балалар «Домбыра» аңызын сахналап, сомдады. Мақсаты: Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын – өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Балаларға аңыз айту арқылы, домбыра туралы түсініктерін кеңейту, ұлттық аспаптардың қадір қасиетін бағалау, танымы мен талғамын, ой-өрісін молайту.






