Бүгін: 17.12.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Біздің  балабақшаның  жоспарына  сай   №5 Ақарал  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп-гимназиясымен тығыз  ынтымақтастығы  аясында 2024  жылдың  қараша айында мектепке дәстүрлі экскурсия өтті. Бізді  бастауыш сынып жетекшісі  қарсы алды. Балаларға оқу сыныбы көрсетілді, онда олар нағыз мектеп оқушылары сияқты партада отыруға рұқсат берілді. Әрі қарай балалар мектеп  кітапханасымен таныстырылды. Мұнда  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  мектепте  кітапхананың не үшін қажет екенін біліп, "кітап өмірінен" көптеген жаңа нәрселерді білді. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері балаларға кітаптарға  ұқыпты  қарау керектігін түсіндірді. Мектептен шыққан кезде балалар дәлізде  табиғат  бұрышы   және  тағы  басқа кабинеттерді көрді. Мектепке саяхат  балаларға  өте  ұнады  және  жаңа  әсерлер  мен  жағымды  эмоцияларға  толы  болып, барлығы  балабақшаға  аман  есен  оралды!

   №5 Ақарал  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп-гимназиясының  ұжымына ақкөңілдік  пен қонақжайлылық, сондай-ақ  пайдалы әрі қызықты саяхат үшін зор  алғыс  білдіреміз.