Бүгін: 17.12.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

     «Бөбек»   бөбекжай-бақшасында   2024  жылдың  31  қазан  күні  жоспарға  сай  консультациялық   пункт  жұмысы   бойынша   «Мектеп   жасына  дейінгі  балалардың  тілдік  дамуы»  тақырыбында  дөңгелек  үстел  өткізілді. Бөбекжай  әдіскері  Г.Абдрасилова  тіл  үйрену  мектеп  жасына  дейінгі  кезеңнен  басталады. Бұл  жастағы  балалар  тілді  үйренуге  бейім, ересектерге  еліктейді. Балалармен  күнде  араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн сайын  жетіле  береді. Баланың  тілі  бай  болса, ойы  да жақсы дамиды. Мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез үзінділер  оқып  үйрену, үйренгендерін  өз  сөздерінде  қолдана  білу балалардың сөздік  қорын  молайтады. Бала – бақшада тәрбие жұмыстарының  басты  мақсаттарының  бірі – баланың   тілін   ұстартып,  жақсы  сөйлей   білуге   үйрету.