«Бөбек» бөбекжай – бақшасында 30 сәуір күні тәрбиеші А.Рысбаева бөбекжай тәрбиеленушілерімен 1 мамыр – Бірлік күніне орай «Достығымыз жарасқан» атты тақырыбындағы ертеңгілікті ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтасстық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Ертеңгілік тақырыпқа сай безендірілген ән – күй залында өтті. Ертеңгілікте балалар кәріс, қазақ, түрік және украин ұлттарын таныстырып, тақпақтарын мәнерлеп айтып, ұлттық билерін биледі. Барлық ұлттан бір – бір баладан ортаға шығып «Бірігіп ойла» қимылды ойынын ойнады.






