Бүгін: 17.12.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

1  маусым  Халықаралық  балаларды  қорғау  күні:  «Бала  ел  болашағы»  атты  тақырыбында  «Бөбек»  бөбекжай-бақшасында  мерекелік  іс-шара  ұйымдастырылып  өткізілді.

Бөбекжай-бақшамыз  мерекеге  сай  безендірілген  түрлі-түсті  жалаушалар, гүлдер  ілініп,  тақырыпқа  сай   банер  ілінді, аулада  сахна  жасалды. Тәрбиешілер  Али  мен  Айя, Көжек, Аю, Тышқан  кейіпкерлердің   костюмдерін  киіп  өздеріне  берілген   рөлдеріді  ойнап, балаларды  қызықтыра  білді. Халықаралық  балалар  күні  әлемнің  түкпір-түкпіріндегі  балаларға  қуаныш  сыйлайтын  мейрам  ғана  емес, кішкентай  балалардың  құқықтарын  қорғап,  орларға  қамқор  болуға, қысым  жасамауға  үндейтін  мейрам. Адамзаттың  алдында  тұрған  зор  міндет – болашақ  ұрпақтардың  бақытты  өмірін  қалыптастыру. Өскелең  ұрпақ – ел  келешегі, ұлттың   жалғасы  және  мемлекетіміздің  жарқын  болашағының  кепілі.  Мерекелік  іс – шара  балалардың  түрлі-түсті  бормен   асфальқа  сурет  салумен  жалғасты. Соңынан  балаларға  құлпынай  және  тәтті  сусындар  таратып  берілді, балалар  үшін  керемет  мереке  болды.

20220601_121359.jpg20220601_120725.jpg20220601_120546.jpg20220601_120432.jpg20220601_105631.jpg20220601_104620.jpg20220601_104335.jpg20220601_103232.jpg20220601_102637.jpg20220601_102306.jpg20220601_101612.jpg