2022 жылдың 20 қазан күні "Педагог" кәсіби стандарты тақырыбында "Бөбек" бөбекжай —бақшасының педагогтарымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында балабақша әдіскері "Педагог " кәсіби стандарттың ережелері мен құндылықтарын таныстырды.
Педагог кәсібінің құндылығын мемлекет пен қоғам институционалдық, жеке және жүйелі деңгейде тануы мақсатында педагогтарға түсіндіріп өтті. Жиналысқа қатысушы педагогтар өз ойларын ортаға салып, талқылады.













