«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев биылғы жыл Балалар жылы деп жариялады. Осыған орай «Бөбек» бөбекжай-бақшасының жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың 15 желтоқсан күні балалар жылын қорытындылау мақсатында «Бар мейіріміміз балаларға» атты тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға бөбекжай-бақшаның тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
https://www.instagram.com/tv/CmMENCogF0E/?igshid=MDJmNzVkMjY%3D


















