2021 – 2022 оқу жылының І – жыртыжылдығында бөбекжай педагогтары көптеген байқауларға белсене қатысып, жоғарыдан көрінуде және бөбекжай қызметкерлердің жұмыстары бағаланып, марапаттарға ие болды. Бөбекжайдағы жетістіктерімізді атап айтсақ: 2021 жылы тамыз айында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі аудандық тамыз кеңесінің секция отырысында іс – тәжірибесімен бөліскені үшін «Бөбек» бөбекжай-бақшасының әдіскері Г.Абдрасиловаға Алғыс хат берілді.
2021 жылы қазан айында «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» атты аудандық педагогикалық оқу байқауына Бөбекжай тәрбиешісі Бақтыбаева Жанар Асылбайқызы қатысып – ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2021 жылы қазан айында Ұстаздар күніне орай аудандық кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған «Жаса, жайна Қазақстан» гүлдер байқауына бөбекжай ұжымы қатысып «Үздік Экибана» номинациясымен марапатталды.
2021 жылы қазан Меркі аудандық кәсіподақ комитеті білім беру саласындағы қажырлы еңбегі мен ұжым өміріндегі белсенділігі үшін және «Ұстаздар күні» мерекесіне орай бөбекжай тәрбиешісі Ж.М.Босатова Құрмет грамотасымен марапатталды.
2021 жылдың қараша айында Аудандық «Шығармашыл жас маман» атты байқауында шығармашылық ізденісі үшін бөбекжай тәрбиешісі Г.Ж.Мажибаева ІІ – дәрежелі дипломмен марапатталды.
2021 жылдың желтоқсан айында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай және Ауданымыздың дамуына қосқан қомақты үлесіңізге және игілігі жолында атқарып жатқан абыройлы істеріңіз үшін Меркі ауданы әкімінен және Ақарал ауылдық округінің әкімінен бөбекжай меңгерушісі И.Т.Умбеталиеваға Алғыс хат берілді.
2021 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 жыл – 30 жетістік!» атты бейнежурнал байқауына «Бөбек» бастауыш кәсіподақ комитеті қатысып «Ізденімпаз ұжым» номинациясымен марапатталды.
2021 жылы желтоқсан айында Меркі аудандық кәсіподақ комитеті білім беру саласындағы қажырлы еңбегі мен ұжым өміріндегі белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бөбекжай тәрбиешісі Н.Т.Сраилова Құрмет грамотасымен марапатталды.
Меркі аудандық кәсіподақ комитеті білім беру саласындағы қажырлы еңбегі мен ұжым өміріндегі белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бөбекжай жұмысшысы О.О.Алтынбасов Құрмет грамотасымен марапатталды.
2021 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне - 30 жыл мерей тойына орай Ауданның білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі мен педагог мәртебесін арттырудағы шығармашылық ізденісі үшін бөбекжай тәрбиешісі Ж.М.Босатова Құрмет грамотасымен марапатталды.
2022 жылдың 10 ақпан күні аудандық мектепке дейінгі ұйым педагогтары арасында өткен «Ойыншықтардың таңғажайып әлемі көрмесі» байқауына тәрбиеші Мустафанова Салима Мамеджановна қатысып ІІІ – дәрежелі дипломмен марапатталды.
2022 жылы аудандық «Ең үздік заттық дамытушы орта» атты байқауына бөбекжай тәрбиешісі Арыстанбекова Ботагоз Меркебаевна қатысып І – дәрежелі дипломмен марапатталды.
2022 жыл Балалар жылына орай Меркі мәдениет үйінде өткен «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты жас өнерпаздар фестиваліне «Ботақандар» мектепке дейінгі ересек жас тобының бүлдіршіндері «Аралар» биін билеп және Амангелді Айзере «Балабақша» әнін айтып, өнер көрсетіп марапатталды.
2022 жылы Аудандық «Алғысым шексіз сіздерге» атты фестивалінде «Бөбек» бөбекжай-бақшасына Алғыс хат берілді.
2022 жылы Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі мен абыройлы еңбегі үшін және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай бөбекжай меңгерушісі Умбеталиева Индира Тұрдықасымқызы Меркі ауданының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2022 жылы Меркі ауданының білім бөлімі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай білім беру саласындағы жемісті еңбегі, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін бөбекжай тәрбиешісі Бақтыбаева Жанар Асылбайқызы Құрмет грамотасымен марапатталды.
2022 жылдың 25 наурыз күні Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Меркі ауданының ұйымдастыруымен өткізілген «Балаларға базарлық» атты байқауына бөбекжай тәрбиеленушілері қатысып «Амал көрісу» көрінісін көрсетіп Бас жүлдеге ие болды.
2022 жылы Меркі аудандық кәсіподақ комитеті білім беру саласындағы қажырлы еңбегі мен ұжым өміріндегі белсенділігі үшін 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай Мажибаева Гульжан Женисбековна Құрмет грамотасымен марапатталды.
2022 жылы «Балалық шағымның шуақты биі» атты облыстық би байқауының жеңімпазы «Бөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері ІІ – дәрежелі дипломмен марапатталады жетекшісі А.У.Айгенова.
2022 жылы «Балалық шағымның шуақты биі» атты облыстық би байқауының жеңімпазы «Бөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері ІІІ – дәрежелі дипломмен марапатталады жетекшісі К.А.Сакиева.
2022 жылы Сыпатай Әлібекұлы бабамыздың 240 жылдық мерей тойын өткізуге белсенді түрде атсалысқаны үшін бөбекжай меңгерушісі И.Т.Умбеталиева Алғыс хат және төс белгімен марапатталды.
2022 жылы Меркі аудандық кәсіподақ комитеті білім беру саласындағы қажырлы еңбегі мен ұжым өміріндегі белсенділігі үшін «Ұстаздар күні» мерекесіне орай бөбекжай тәрбиешісі Алмешова Кулдария Құрмет грамотамен марапатталды.
Қазан айында Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу саласындағы шығармашылық шеберлігі мен кәсіби жетістіктері үшін аудандық «Үздік Педагог - 2022» байқауында «Жаңашыл әдіскер» номинациясымен бөбекжай әдіскері Абдрасилова Гульзира Алтыбаевна марапатталды
2022 жылдың қараша айында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткізілген облыстық «Ең үздік психологі» байқауына бөбекжай психологі Сабыралиева С.Б. қатысып І – дәрежелі дипломмен марапатталды.
2022 жылы желтоқсан айында Республикалық «Ән шырқайық бәріміз» патриоттық әндерді хормен айту челленджі байқауына «Құлыншақтар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілері қатысып - ІІІ орынға ие болды.
Желтоқсан айында Аудандық «Тәуелсіздік тұғыры» атты фестивальге жүйелі жұмыс дайындығы үшін Алмешова Кулдария Нуралыевна ІІ- дәрежелі диплом.
Желтоқсан айында «Тәуелсіздік тұғыры» облыстық фестиваліне бөбекжай тәрбиешісі Алмешова Кулдария Нуралыевна қатысып І-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Желтоқсан айында «Тәуелсіздік тұғыры» облыстық фестиваліне бөбекжай тәрбиешісі Арыстанбекова Ботагоз Меркебаевна қатысып І-дәрежелі дипломмен марапатталды.






