«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Арналады әнім саған, анашым» тақырыбында барлық топта ертеңгіліктер ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекелерімен құттықтау. Балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, әжеге, ата-анаға, ұстазға деген құрмет сыйын арттыру, ана енбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.
«Құлыншақтар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиешілері «Көктем аруы» тақырыбында байқау өткізді. Аналары кішкентай әдемі, сүйкімді қыздарымзды керемет дайындап, атсалысты. Топтың тәрбиеленушілері аналарына, әжелеріне арналған тақпақтарын тақпақтарын, әндерін айтып, биде билеп өз өнерлерін көрсетті.






