«Бөбек» бөбекжай-бақшасында бас қаламыз - Астана қаласының мерейтойына орай «Жасай бер, менің – Астанам!» атты тақырыбында мерекелік ертеңгілікті тәрбиеші М.Әлмұратқызы ұйымдастырылып өткізді.
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Астана туралы әндер мен өлеңдер үйрету, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру. Туған ел тарихымен таныстыру. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.
Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің, отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.






