«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 29 тамыз күні тәрбиеші А.Алимолдаева «Құлыншақтар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілерімен 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты тақырыбында мерекелік ертеңгілік ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.






