Бүгін: 17.12.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«Бөбек»  бөбекжай-бақшасында    2024  жылдың  15  ақпан  күні  жылдық   жоспарға   сәйкес    «Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың   рухани-адамгершілік  тәрбиесін  қалыптастыру   үшін  заттық-дамытушы  кеңістіктік  ортаны  құру»   тақырыбында  бөбекжайішілік  семинар  өтті. Мақсаты: Балалардың рухани-адамгершілік  қабілетін  сақтау, заттық-дамытушы кеңістіктік ортаны ұйымдастыру  бойынша   жұмыс   тәжірибесімен   әріптестермен   бөлісу.

Семинар  барысында,  бөбекжай  әдіскері  Г.Абдрасилова  «Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымының  пәндік – дамытушылық  ортасының  балалардың   рухани-адамгершілік   тәрбиесіне   әсері»  баяндамамен  таныстырды. Тәрбиешілерден «Балабақшада  заттық-дамытушы  ортаны  құру» тақырыбында  сауалнама  алынды, сауалнамаға  11  педагог  қатысты. "Заттық кеңістіктік-дамыту ортасы"  бойынша   қойылған  сұрақтарға  барлық  педагог  жауап берді. Сауалнама нәтижесі бойынша, тәрбиешілер заттық-кеңістік дамыту ортасын құрудың инновациялық тәсілдері мен принциптерін қолдануға тырысатындарын көрсетті. Сонымен  қатар, «Қазіргі  білім   беру   жағдайындағы  патриоттық  тәрбие  моделі»   тақырыбындда  бөбекжай  психологі  С.Сабыралиева   тәрбиешілермен   ойын-тренинг  жүргізді.