Бүгін: 17.12.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

"Бөбек" бөбекжай-бақшасында  2024  жылдың  29  қараша  күні жоспарға  сай  №2 Педагогикалық  кеңес  өтті. Тақырыбы: «Физикалық  қасиеттерді  дамыту  бойынша инновациялық  технологияларды, жаңаша  әдістерді  енгізу  арқылы  балалардың  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру». Бөбекжай  әдіскері  Г.Абдрасилова   үлгілік  бағдарламаның  мазмұнын  меңгеру  бойынша  бастапқы  мониторингтің  қорытындысы  айтып.  «Мектепке  дейінгі  балалардың  физикалық  тәрбиесінде денсаулық  сақтау  технологиясын  қолдану»  тақырыбында  баяндама  оқып. Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  туралы   айтты. Бөбекжай  медбикесі  У.Кабаева  «Балабақшада  бала  денсаулығын  нығайтудың  маңызы»  тақырыбында  тәрбиешілерге  кеңес  берді. Сонымен  қатар,  тәрбиешілер   «Қимылды  ойындар  атрибуттары, қартотекалар»  көрме  және  көрнекі  құралдар-жабдықтар  жинақтарын  ұсынып, қимылды  ойындарды  бірге  ойнап  көрсетті.