«Өнерлі отбасы»
- 523
27 қаңтар күні бөбекжайда «Өнерлі отбасы» байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: ата-аналардың шығармашылығын ұштау, балалардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. Балабақшамен ата-ана ынтымақтастығын нығайту.
«Жол ережесін білейік, аман есен жүрейік!»
- 521
2023 жылдың 18 қаңтар күні жоспарға сай тәрбиеші Ж.Бақтыбаева «Жол ережесін білейік, аман есен жүрейік!» тақырыбында «Қошақандар» мектепке дейінгі орта жас тобының тәрбиеленушілерімен спорттық - сайыс ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін-өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Семинар: «Ұрпақ тәрбиесі – ел болашағы»
- 522
2023 жылы 12 қаңтар күні «Бөбек» бөбекжай-бақшасында «Ұрпақ тәрбиесі-ел болашағы» атты тақырыбында семинар өткізілді.
Мақсаты: Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылыққа биімдеу. Тәрбиешінің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру, топтасып жұмыс жасауды дамыту.
«Ән шырқайық бәріміз» патриоттық әндер челленджі байқауына қатысып «Бөбек» бөбекжай-бақшасының «Құлыншақтар» мектепке дейінгі ересек жас тобынының бүлдіршіндері 3 орынға ие болды. Бүлдіршіндеріміз, биіктен көріне берсін??
- 530
«Ән шырқайық бәріміз» патриоттық әндер челленджі байқауына қатысып «Бөбек» бөбекжай-бақшасының «Құлыншақтар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілері - ІІІ орынға ие болды.
Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз
- 529
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев биылғы жыл Балалар жылы деп жариялады.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің
- 558
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің» «Бөбек» бөбекжай-бақшасы МКҚК 2022 жыл Балалар жылына орай 12 желтоқсан күні «Алтын сақа» интеллектуалды ойын мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілер арасында жылдық жоспарға сай ұйымдастырылып, өткізілді. Мақсаты: балалардың бойында салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу.
Мемлекет басшысы жолдауы
Басшы блогы





