2022 жылғы жетістіктеріміз
- 523
2021 – 2022 оқу жылының І – жыртыжылдығында бөбекжай педагогтары көптеген байқауларға белсене қатысып, жоғарыдан көрінуде және бөбекжай қызметкерлердің жұмыстары бағаланып, марапаттарға ие болды. Бөбекжайдағы жетістіктерімізді атап айтсақ: 2021 жылы тамыз айында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі аудандық тамыз кеңесінің секция отырысында іс – тәжірибесімен бөліскені үшін «Бөбек» бөбекжай-бақшасының әдіскері Г.Абдрасиловаға Алғыс хат берілді.
2021 жылы қазан айында «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» атты аудандық педагогикалық оқу байқауына Бөбекжай тәрбиешісі Бақтыбаева Жанар Асылбайқызы қатысып – ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз»
- 520
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев биылғы жыл Балалар жылы деп жариялады. Осыған орай «Бөбек» бөбекжай-бақшасының жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың 15 желтоқсан күні балалар жылын қорытындылау мақсатында «Бар мейіріміміз балаларға» атты тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға бөбекжай-бақшаның тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Балалар жұмысы
- 555
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында жылдық жоспарына сәйкес балалар мен жұмыс күнделікті жүргізіледі.
Мақсаты: Жазғы сауықтыру жұмысын балалардың жас ерекшеліктеріне сай жүргізіп, балалардың барынша көп уақыт таза ауада болуы (таңертеңгі қабылдау, жаттығулар, дене шынықтыру оқу қызметтері, серуендер, ойын – сауықтар, іс - шаралар) ұйымдастыру.
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында салауатты өмір салтын ұйымдастыру жұмысы бойынша 29 желтоқсан күні
- 523
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында салауатты өмір салтын ұйымдастыру жұмысы бойынша 29 желтоқсан күні жоспарға сай «Ботақандар» мектепке дейінгі ересек жас тобында ата-аналардың қатысуымен «Толағай» эстафеталық ойын жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Балалардың физиологиялық дамуы, өмірі мен денсаулығын нығайту.
«Алтын сақа» интеллектуалды ойын
- 541
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің» «Бөбек» бөбекжай-бақшасы МКҚК 2022 жыл Балалар жылына орай 12 желтоқсан күні «Алтын сақа» интеллектуалды ойын мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілер арасында жылдық жоспарға сай ұйымдастырылып, өткізілді. Мақсаты: балалардың бойында салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу.
Мемлекет басшысы жолдауы
Басшы блогы





