«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 3 сәуір күні кезектен тыс ата-аналар жиналысы өткізілді
- 1038
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 3 сәуір күні кезектен тыс ата-аналар жиналысы өткізілді. Меңгеруші Умбеталиева Индира Тұрдықасымқызы ата-аналарды Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының 14.03.2023 жылғы №ЗТ-2023-00429582 хатымен таныстырды.
«Бөбек» бөбекжай-бақшасының
- 1040
«Бөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері әр дүйсенбі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды.
«Құстарға қамқорлық»
- 1043
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың наурыз айында «Құстарға қамқорлық» атты тақырыбында табиғи материалдардан көрме ұйымдастырылды.
«Құлыншақтар»
- 532
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Арналады әнім саған, анашым» тақырыбында барлық топта ертеңгіліктер ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекелерімен құттықтау. Балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, әжеге, ата-анаға, ұстазға деген құрмет сыйын арттыру, ана енбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.
«Құлыншақтар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиешілері «Көктем аруы» тақырыбында байқау өткізді. Аналары кішкентай әдемі, сүйкімді қыздарымзды керемет дайындап, атсалысты. Топтың тәрбиеленушілері аналарына, әжелеріне арналған тақпақтарын тақпақтарын, әндерін айтып, биде билеп өз өнерлерін көрсетті.
«Алғысым сізге шексіз»
- 531
1 наурыз алғыс күні мерекесіне орай тәрбиеші Айгенова Айгерім бөбекжай тәрбиеленушілерімен «Алғысым сізге шексіз» тақырыбында мерекелік ертеңгілік ұйымдастырып өткізді.
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 1 наурыз Алғыс күні мерекесіне орай тәрбиеші Айгенова Айгерім бөбекжай тәрбиеленушілерімен «Алғысым сізге шексіз» тақырыбында мерекелік ертеңгілік ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: балаларға «сыйластық» құндылығы туралы түсінік беру. Үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыйластық қарым-қатынасын дамыту. Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
«Ана тілім - ардақтым»
- 525
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 21 ақпан күні ана тілі күніне орай тәрбиеші А.Алимолдаева «Көжектер» мектепке дейінгі орта жас тобында «Ана тілім - ардақтым» атты тақырыбында ертеңгілік ұйымдастырып өткізді.
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Балалардың өз балабақшасы туралы түсініктерін қалыптастыра отырып тілін дамыту, әңгімелесу, тақпақтар айту арқылы ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мемлекет басшысы жолдауы
Басшы блогы





