"Бөбек" бөбекжай-бақшасы «1-қазан –Қарттар күні» және «Ұстаздар-саған мың алғыс!»
- 1063
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 1 – қазан Қарттар күніне және Ұстаздар күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өтті. Мақсаты: Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді, қарттарымыз аман болсын. Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін адам бойына дарыту. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білу. Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 21 қыркүйек күні «Балабақшадағы және мектеп жасына дейінгі баланың отбасындағы пәндік-кеңістіктік ортаны дамыту»
- 537
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 21 қыркүйек күні «Балабақшадағы және мектеп жасына дейінгі баланың отбасындағы пәндік-кеңістіктік ортаны дамыту» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналасы өтті.
Мақсаты: баланың жайлы тұруы мен дамуын, үй жағдайында заттық-дамытушы ортаның сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында педагогтар мен тәрбиеленушілердің отбасымен бірлескен іс-шара өткізу, ата-аналарға отбасы жағдайында заттық-дамытушы ортаны қалыптастыру үшін мүмкіндік беретін ұсыныстар беру, МЖМБС дегеніміз не екендігі туралы түсінік беру.
Бөбек бөбекжай-бақшасынан Диктант салу
- 537
Қазақстан-көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Қазақ тілінің мәртебесін өсіру, мемлекеттік тілімізді қастерлеу, құрметтеу-баршамыздың міндетіміз. «Бөбек» бөбекжай-бақшасының қызметкерлері 5 қыркүйек күні Қазақстан Халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10.3-тармағына сәйкес «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында жалпы Қазақстандық ашық диктант жазуға қатысты.
Бөбек бөбекжай-бақшасынан Жол ережесі туралы
- 540
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 5 қыркүйек күні «Ботақандар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілерімен Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы Тупеков Еркебұлан Аяпбергенұлы «Жол ережесі мен қауіпсіздігі» тақырыбында кездесу өткізді. Балаларға жол белгілері мен ережелері туралы түсіндіріп өтті.
"Бөбек" бөбекжай-бақшасынан Тіл мерекесі
- 530
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мерекесені орай тәрбиеші К.Сакиева «Тіл-достықтың тірегі» атты тақырыбында «Ботақандар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілерімен тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Мемлекет басшысы жолдауы
Басшы блогы






