Бүгін: 17.12.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

04 2

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Бөбек» бөбекжай - бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында 2023 жылдың 01 желтоқсан күні «Бөбек» бөбекжай-бақшасының басшысы И.Т.Умбеталиева және ұжым қызметкерлері 25 қараша күннен бастап 10 желтоқсанға дейінгі «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты ақпараттық-сауықтыру акциясына орай әйелдерге қатысты зорлық –зомбылық қазіргі таңдағы ең жойқын адам құқығы, зорлық – зомбылық әйелдердің қоғамдық өмірге араласуына кедергі келтіретіні, әйелдер мен қыздардың мүдделерін қоғау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

«Тұтас педагогикалық үдерісті құру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік-патриоттық әлеуетін жан-жақты  дамыту, азаматтыққа  тәрбиелеу  үшін  жағдай  жасау».
Бобек балалар бакшасы

«Тұтас педагогикалық үдерісті құру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік-патриоттық әлеуетін жан-жақты  дамыту, азаматтыққа  тәрбиелеу  үшін  жағдай  жасау».

10 1

«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 09 қараша күні педагогикалық әдеп кеңесінің кезекті отырысы өтті.

02 3

Меркі ауданының білім бөлімінің 2023 жылдың 31 қазан күнгі №1527 хатына сәйкес төмендегі атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер жолдайды «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Бөбек» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 2023 жылдың 02 қараша күні Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция майоры Тупеков Е.А. қатысуымен балалар мен ата-аналар үшін балабақшаға қауіпсіз қозғалыс схемаларын орналастыру бойынша ата-аналар жиналысы өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

27 2

«Бөбек»  бөбекжай-бақшасында  күз  мерекесіне  арналған   «Алтын   күз  келді  бақшама!»   атты  тақырыбында   ертеңгіліктер  ұйымдастырылып  өткізілді. Мақсаты:  Балаларды  мерекелі, берекелі күзбен  таныстыруды  жалғастыру. Алтын  күзге  жалпы  түсінік  беру, күз  мезгілінің  өзгерістерін  ұғындыру, мерекелік  көңіл-күй орнату. Зал мерекеге сай безендірілген, әдемі ән ойналды. Балаларды  ән  салуға, би  билеуге деген  ынталарын  арттыру. Табиғатқа  деген  сүйіспеншілікке  тәрбиелеу. Ата-аналар  балаларымен  бірге  бірлесіп  күз  мерекесіне  арнап  көрме  дайындады.

«Бөбек»  бөбекжай-бақшасында   2023  жылдың 24  қазан  күні   тәрбиеші  Алимолдаева   Асем  Турсыновна  «Құлыншақтар»  мектепке  дейінгі  ересек  жас  тобының  тәрбиеленушілерімен  25  қазан  Республика  күніне  орай  «Отаным   менің - Қазақстан»  тақырыбында  мерекелік   ертеңгілік  ұйымдастырып өткізді.  Мақсаты: Балаларды  өз  Отанын сүйюге, қазақ  екенін, Қазақстанда  тұратынын  мақтаныш  етуге, туған халқының  тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін  қастерлейтін  саналы  да  парасаты азаматтар  тәрбиелеу. Елінің  Туын, Елтаңбасын, Әнұранын  қастерлеуге  өз  елін, тегін, тарихын  біліуге   үйрету. Балалар  ертеңгілікті  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  әнұранымен  бастады, Отан  туралы  тақпақтар, «Тәуелсіздік  ұраны»  бірге  хор  айтып,  Асу  Аминат   «Татулықта  күшіміз»  әнін  орындады   және   биші  қыздарымыз  «Қазақ  биі»  биін  биледі.

2023  жылдың  18  қазан  күні  аудандық  «Мектепке  дейінгі  білім  беруді  жаңғырту: тәжірибесі  мен  болашағы»  атты  байқауға бөбекжай-бақшасының  тәрбиешісі  Абдраимова  Ақбөпе  Ералиевна  3-дәрежелі  дипломмен  марапатталды.  20  қазан  күні  аудандық  «Ойыншықтардың  таңғажайып  әлемі  көрмесі»  атты  жоба  байқауына  тәрбиеші  Бақтыбаева  Жанар  Асылбайқызы  қатысып  3  орынға  ие  болды.

«Бөбек»  бөбекжай-бақшасында  1 – қазан  Қарттар  күніне  және  Ұстаздар күні  мерекесіне  орай мерекелік  іс-шара  ұйымдастырылып  өтті. Мақсаты: Қазақ  қарты  жасына  лайық  ауызы  дуалы, сөзі  берекелі, ісі  тыңғылықты  ойы  терең  ақылы  телегей  теңіз  болып  келеді, қарттарымыз  аман  болсын. Ұстаздың  адам  өмірінде  алатын  орны  зор  екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін адам бойына  дарыту. Ұстаз еңбегін  әрқашан  бағалай білу. Барлықтарыңызды  қазан  айының  алғашқы  мерекелері  қарттар, ұстаздар  мерекесі  тоғысқан  күнімен  құттықтаймыз.