Бүгін: 17.12.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

1  маусым  Халықаралық  балаларды  қорғау  күні:  «Бала  ел  болашағы»  атты  тақырыбында  «Бөбек»  бөбекжай-бақшасында  мерекелік  іс-шара  ұйымдастырылып  өткізілді.

    2022  жылы  5  маусымда  Республикалық  референдумда  қаралатын  Ата  заңымызддың  98  бабының  33  енгізілгелі  отырған  оң  өзгерістер  туралы  және  бұл  конституциялық  реформалардың  тұжырымдық  негіздерімен  ерекшеленетіні  жайлы  «Жамбыл  облысы  әкімдігінің  білім  басқармасы  Меркі   ауданының  білім  бөлімінің  «Бөбек»  бөбекжай - бақшасы»  мемлекеттік   коммуналдық  қазыналық   кәсіпорын  қызметкерлеріне  түсіндірме  жұмыстары  жүргізіліп  және  5  маусым  күні  өтетін  референдумға  дауыс  беруге  барлық  қызметкерлерді  шақырды.

2021  жылы    15 желтоқсан   күні  жылдық  жоспарға  сай «Тұғыры  биік – Тәуелсіздік!»     атты  тақарыбында   ертеңгілік  ұйымдастырып,  өткізді. Мақсаты: Балалардың  Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан  оқиғасы Тәуелсіздік  күні  туралы  түсініктерін  молайту. Мәнерлеп  тақпақ  айтуға, сахналық  көріністерді  көрсетулер  арқылы  еліне, отанына  деген  сүйіспеншіліктерін  арттыру. Отанын,  елін  сүюге  тәрбиелеу.

«Бөбек»  бөбекжай – бақшасында 30 сәуір күні тәрбиеші А.Рысбаева  бөбекжай  тәрбиеленушілерімен 1  мамыр – Бірлік  күніне  орай  «Достығымыз  жарасқан»  атты  тақырыбындағы  ертеңгілікті ұйымдастырып  өткізді. Мақсаты: Балалардың  бірлік, ынтымақтасстық  туралы  түсініктерін  кеңейтіп, көп  ұлтты  халқымыздың  тыныштығы  мен  бірлігін  нығайтуға  ат  салысатын  азамат  болуға  тәрбиелеу.   Ертеңгілік  тақырыпқа сай  безендірілген  ән – күй  залында өтті. Ертеңгілікте  балалар  кәріс, қазақ, түрік  және  украин  ұлттарын таныстырып, тақпақтарын  мәнерлеп  айтып, ұлттық  билерін  биледі. Барлық  ұлттан  бір – бір  баладан  ортаға  шығып  «Бірігіп  ойла»  қимылды  ойынын  ойнады.

       2021  жылы  наурыз  айында  аудандық  «Ертегілер  елінде»  атты  театр  байқауына   «Бөбек»  бөбекжай-бақшасының  тәрбиеленушілері  қатысып   «Аралар  мен  құмырсқалар  хикаясы» ертегісін  көрсетіп  - ІІІ  дәрежелі  дипломмен  марапатталады.

2021  жылы  наурыз  айында  Алғыс  айту  күніні  орай  «Алғысым  шексіз»  тақырыбында  мерекеліу  іс-шар  ұйымдастырылып  өткізілді.

2020 – 2021  оқу   жылында   өткізілген   ұйымдастырылған  ашық  оқу  қызметтері.

2020  жылы  22  қыркүйек  күні  «Бөбек»  бөбекжай – бақшасында  тәрбиеші  Козыбакова  Улжан  «Ботақандар»  мектепке  дейінгі  ересек  жас  тобының  тәрбиеленушілерімен  Қазақстан   халықтарының   тіл   мерекесіне  орай  «Тіл – ұлт тірегі»  тақырыбында ертеңгілік   өткізді. Бұл мереке елбасымыз  «Н. Ә. Назарбаевтың  22  қыркүйекл  мерекесі  күні  болып  1997 жылы 22 қыркүйек  күні қабылданған Қазақстанның  «Тіл  туралы» Заңында  Республика  халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі  бекітілген. Мақсаты: балаларды  туған  тіліе  сүйюге, оны  қорғауға, туған  тілінің  құдіретін  сезінуге, ана  тілін, ұлтын  қастерлеуге  тәрбиелеу.

Қыркүйек  айының  20-24  аралығында  бөбекжай-бақшасында  орыс  тілі  пәне  мұғалімі  А.Боранкулова  және  ағылшын  тілі  пәне  мұғалім  А.Нуркожаева  «Тіл – ұлт  тірегі»   атты  тақырыбында  тіл  апталығы  өткізілді. Апталық  барысында  педагогтар  ұйымдастырылған  оқу  қызметтерін  өткізді. Балаларға  тіл  туралы  тақпақтарды, өлеңдерді  үш  тілде    айтқызды. Мерекелік  ертеңгілік    және  тіл  апталығы  жоғары   деңгейде   ұйымдастырылып,   өткізілді.