- 542
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 1 маусым Халықаралық Балаларды қорғау күні «Бала деген бір бақыт» атты тақырыбында мерекелік ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға тәрбиелеу. Балалар ертеңгілік соңында мысық, аю ақша жәшігін (копилка) түрлі-түсті бояулармен өздері бояды және түрлі-түсті борлармен «Біздің балабақша» тақырыбында өз ойларын, қиялдары бойынша асфальтқа сурет салды.
- 527
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында мамыр айының 25-26 күндері аралығында «Ботақандар» және «Құлыншақтар» мектепке дейінгі ересек жас тобында «Қош бол, сүйікті балабақшам!» атты тақырыбында ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Балалардың мерекелік көңіл-күйін қалыптастыру. Балабақша, мектеп туралы өлең шұмақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту. Көріністер, сұрақ-жауап арқылы балалардың мектепке дайындығын тексеру. Балалардың бір жылда алған білімдерін тиянақтау, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
- 524
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 5 мамыр күні «Ботақандар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілерімен Отан қорғаушылар күніне «Ел қорғауға әзірміз» және Жеңіс күніне орай «Бейбітшілік жасасын!» атты тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
- 527
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 28 сәуір күні тәрбиеші Н.Сраилова «Құлыншақтар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілерімен 1 - Мамыр халықтар достығы күніне арналған «Татулық-бірлікте» атты тақырыбында балабақшаішілік мерекелік іс-шара ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: балаларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
- 1035
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 2023 жылдың 7 сәуір күні қызметкерлер арасында «Сау болу – сәнді» тақырыбында спорттық – ойын жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға мақсат қою арқылы жеке бастың денсаулығын сақтау мен нығайту.
- 1041
Денсаулық күніне орай 2023 жылдың 6 сәуір күні «Бөбек» бөбекжай-бақшасында «Құлыншақтар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілерімен «Денсаулық зор байлық» спорттық іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Спорт пен денсаулық тығыз байланыста екенін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
- 1038
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 3 сәуір күні кезектен тыс ата-аналар жиналысы өткізілді. Меңгеруші Умбеталиева Индира Тұрдықасымқызы ата-аналарды Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының 14.03.2023 жылғы №ЗТ-2023-00429582 хатымен таныстырды.
- 1040
«Бөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері әр дүйсенбі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды.
- 1043
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың наурыз айында «Құстарға қамқорлық» атты тақырыбында табиғи материалдардан көрме ұйымдастырылды.
- 533
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Арналады әнім саған, анашым» тақырыбында барлық топта ертеңгіліктер ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекелерімен құттықтау. Балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, әжеге, ата-анаға, ұстазға деген құрмет сыйын арттыру, ана енбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.
«Құлыншақтар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиешілері «Көктем аруы» тақырыбында байқау өткізді. Аналары кішкентай әдемі, сүйкімді қыздарымзды керемет дайындап, атсалысты. Топтың тәрбиеленушілері аналарына, әжелеріне арналған тақпақтарын тақпақтарын, әндерін айтып, биде билеп өз өнерлерін көрсетті.
Мемлекет басшысы жолдауы
Басшы блогы





