- 538
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 21 қыркүйек күні «Балабақшадағы және мектеп жасына дейінгі баланың отбасындағы пәндік-кеңістіктік ортаны дамыту» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналасы өтті.
Мақсаты: баланың жайлы тұруы мен дамуын, үй жағдайында заттық-дамытушы ортаның сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында педагогтар мен тәрбиеленушілердің отбасымен бірлескен іс-шара өткізу, ата-аналарға отбасы жағдайында заттық-дамытушы ортаны қалыптастыру үшін мүмкіндік беретін ұсыныстар беру, МЖМБС дегеніміз не екендігі туралы түсінік беру.
- 537
Қазақстан-көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Қазақ тілінің мәртебесін өсіру, мемлекеттік тілімізді қастерлеу, құрметтеу-баршамыздың міндетіміз. «Бөбек» бөбекжай-бақшасының қызметкерлері 5 қыркүйек күні Қазақстан Халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10.3-тармағына сәйкес «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында жалпы Қазақстандық ашық диктант жазуға қатысты.
- 540
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 5 қыркүйек күні «Ботақандар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілерімен Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы Тупеков Еркебұлан Аяпбергенұлы «Жол ережесі мен қауіпсіздігі» тақырыбында кездесу өткізді. Балаларға жол белгілері мен ережелері туралы түсіндіріп өтті.
- 530
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мерекесені орай тәрбиеші К.Сакиева «Тіл-достықтың тірегі» атты тақырыбында «Ботақандар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілерімен тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
- 30
Балаларға 1-қыркүйек күні - білім күні жайында түсінік беру. Өз түған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
- 334
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 31 тамыз күні жоспарға сай №1 Педагогикалық кеңес өткізілді. Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымның жаңа оқу жылына дайындығы, тәрбие – оқыту процесінің бағытын ұйымдастыру».
Мақсаты: Тәрбие – оқыту үрдісінде заманауи әдістерді қолдану барысында заман талабана сай қызмет көрсету дербестігін арттыру.
- 33
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 29 тамыз күні тәрбиеші А.Алимолдаева «Құлыншақтар» мектепке дейінгі ересек жас тобының тәрбиеленушілерімен 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты тақырыбында мерекелік ертеңгілік ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.
- 19
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында бас қаламыз - Астана қаласының мерейтойына орай «Жасай бер, менің – Астанам!» атты тақырыбында мерекелік ертеңгілікті тәрбиеші М.Әлмұратқызы ұйымдастырылып өткізді.
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
- 60
«Бөбек» бөбекжай-бақшасында 2023 жылы «Алақай, жайдарлы жаз келді» жазғы-сауықтыру жұмыс жоспарының шеңберінде балалардың жас ерекшеліктеріне сай балалардың барынша көп уақыт таза ауада болуы (таңертеңгі қабылдау, жаттығулар, дене шынықтыру іс-әрекеттері, серуендер, ойын – сауықтар, іс - шаралар) ұйымдастырылып жүргізілуде. Балалармен серуен барысында табиғат құбылыстары туралы әңгімелесу, қимылды, спорттық және ұлттық ойындарды ойнату.
- 54
4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай "Бөбек" бөбекжай-бақшасында жоспарға сай "Мемлекеттік Рәміздер-ұлттық мақтанышымыз" тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Елтаңба, Ту, Гимн туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, рәміздерді қастерлеп, құрметтеуге, тарихын білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар педагог қызметкерлерімен салтанатты жиын өтті.4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Бөбек» бөбекжай-бақшасында жоспарға сай «Мемлекеттік Рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Елтаңба, Ту, Гимн туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту. Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, рәміздерді қастерлеп, құрметтеуге, тарихын білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар педагог қызметкерлерімен салтанатты жиын өтті.
Мемлекет басшысы жолдауы
Басшы блогы





