Бүгін: 17.12.2025
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылы 12 қаңтар күні «Бөбек» бөбекжай-бақшасында «Ұрпақ тәрбиесі-ел болашағы» атты тақырыбында семинар өткізілді.

Мақсаты: Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылыққа биімдеу. Тәрбиешінің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру, топтасып жұмыс жасауды дамыту.

«Ән  шырқайық  бәріміз»  патриоттық  әндер  челленджі  байқауына  қатысып  «Бөбек»  бөбекжай-бақшасының  «Құлыншақтар»  мектепке  дейінгі   ересек  жас  тобының  тәрбиеленушілері   - ІІІ  орынға  ие  болды.

«Өскелең  ұрпақтың  үйлесімді  дамуы  мен  бақытты  балалық – бұл  біздің  жалпыұлттық  міндетіміз»  деген  Мемлекет  басшысы  Қ.К.Тоқаев  биылғы  жыл  Балалар  жылы  деп  жариялады.

«Жамбыл  облысы  әкімдігінің  білім  басқармасы  Меркі  ауданының  білім  бөлімінің»  «Бөбек»  бөбекжай-бақшасы  МКҚК  2022  жыл  Балалар  жылына  орай  12  желтоқсан  күні  «Алтын  сақа»  интеллектуалды  ойын  мектепке  дейінгі  ересек  жас  тобының  тәрбиеленушілер  арасында    жылдық  жоспарға  сай  ұйымдастырылып, өткізілді. Мақсаты: балалардың  бойында  салт-дәстүрге  деген  сүйіспеншілікті  дамыту, оны  әрқашан  құрметтеуге  баулу.

«Жамбыл  облысы  әкімдігінің  білім  басқармасы  Меркі  ауданының  білім  бөлімінің    «Бөбек»  бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық     кәсіпорнында  2022  жылы  желтоқсан  айында  «Құлыншақтар»  мектепке  дейінгі  ересек  жас  тобының  тәрбиеленушілерінің  орындауында  патриоттық  әндер  челленджі.

       «Жамбыл  облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі  ауданының білім бөлімінің «Бөбек»  бөбекжай - бақшасы»  мемлекеттік   коммуналдық  қазыналық  кәсіпорынның    25  қараша  бүкіл  әлемде  әйелдерге  қатысты  зорлық-зомбылықты  жоюдың  халықаралық  күні. Әйелдер  мен  қыздардың  мүдделерін  қоғау  бойынша  күш-жігерді   жандандыру  және  тәжірибе  алмасу  жаһандық  әрекетке  шақыруға  бағытталған  «Гендерлік  зорлық-зомбылыққа  қарсы  16  күндік  белсенділік»  акциясы  басталды. 2022  жылы  «Бірлесіңіздер! Әйелдер  мен  қыздарға  қатысты  зорлық-зомбылықты  тоқтату  үшін  белсенділік»  ұранымен  өтті.

«Өскелең  ұрпақтың  үйлесімді  дамуы  мен  бақытты  балалық – бұл  біздің  жалпыұлттық  міндетіміз»  деген  Мемлекет  басшысы  Қ.К.Тоқаев  биылғы  жыл  Балалар  жылы  деп  жариялады. Осыған  орай  «Бөбек»  бөбекжай-бақшасының  жылдық  жоспарына  сәйкес  2022  жылдың  15  желтоқсан  күні  балалар  жылын  қорытындылау  мақсатында  «Бар  мейіріміміз  балаларға»  атты  тақырыбында  мерекелік  іс-шара  өткізілді. Іс-шараға  бөбекжай-бақшаның  тәрбиеленушілері  ата-аналарымен  бірге  қатысып, өз  өнерлерін  көрсетті.

https://www.instagram.com/tv/CmMENCogF0E/?igshid=MDJmNzVkMjY%3D

2022 жылы 21 қазан күні "Бөбек" бөбекжай — бақшасында "Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын  жаңартудағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың  тәсілдерін өзгерту бойынша түсіндіру жұмысы" тақырыбында ата—аналар жиналысы өткізілді, 21 ата—ана қатысты.

 2022 жылдың 20 қазан күні "Педагог" кәсіби стандарты тақырыбында "Бөбек" бөбекжай —бақшасының педагогтарымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында балабақша әдіскері "Педагог " кәсіби стандарттың ережелері мен құндылықтарын таныстырды.